Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Бабақұмаров: "Омикрон" штамы Алматыда болуы мүмкін

Опубликовано:

Зертхана1
Көрнекі фото: piqsels.com

Коронавирустың омикрон штамы Алматыда болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Омикрон штамы ендігі Алматыға келген болуы мүмкін, өйткені вирус жұқтыру дерегі өскені байқалады. Бірнеше күн бұрын 30 жағдай болса, бүгін ол 62 жетті. Бірнеше күнде көрсеткіш екі есеге өсті. Омикрон штамымен жастар көп аруы мүмкін. Ол тез тарап, тез жұғады", – деді Ержан Бабақұмаров журналистермен кездесуде.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда "омикрон" штамы жастарға көбірек әсер ететінін хабарлады.

"Үлкен қатер төнеді деп ойлаймын. Жас буынның арасындағы вакцинация деңгейі өте төмен", – деді Бабақұмаров.

Сонымен қатар, әкім орынбасары қазір Алматыда КВИ жұқтыру қарқынына байланысты жоспар қарастырылып жатқанын хабарлады.

"Бізде инфекциялық емес станцияларды инфекциялық станцияға айналдыру жоспары бар. Қаладағы індетті жұқтырғандардың шамамен 30-40 пайызы ауруханада емделу керек деп есептейміз. Ауруханада жатқандардың шамамен 10 пайызы "ауыр" науқастар болады. Жансақтау бөлімдерін, реанимациялық төсектерді дайындадық, жетіспейтін жерді кеңейтеміз", – деді шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949395-erzan-babaqumarov-omikron-stamy-almatyda-boluy-mumkin/

pixel