ШҚО полицейлері заңсыз сатылған 500-ге жуық пиротехникалық өнімді тәркіледі

Опубликовано:

пиротехникааа
Көрнекі фото: Sputnik Өзбекстан

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері заңсыз сатылған 500-ге жуық пиротехникалық өнімді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 15 желтоқсаннан бастап «Пиротехника» жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Мұндағы мақсат – Жаңа жыл мерекесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық өнімдердің заңсыз саудасына тосқауыл қою.

«Шара барысында базарлар, дүкендер мен қоймалар тексерілуде. 14 күн ішінде полиция қызметкерлері 780-нен астам рейд өткізді. Соның нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес (тауарлармен немесе басқа заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін) 17 әкімшілік хаттама толтырылды. 459 дана пиротехникалық өнім тәркіленіп, 495 000 теңгеден астам айыппұл өндірілді», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы 12 қаңтарға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949423-sqo-policeileri-zansyz-satylgan-500-ge-zuyq-pirotexnikalyq-onimdi-tarkiledi/