Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Аяз ата боп киінген автобус жүргізушілері тұрғындардың көңілін көтерді (видео)

Опубликовано:

Аяз ата
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Шымкентте автобус жүргізушілері көпшілікке еркше көңіл-күй сыйлады. Аяз ата кейпіне енген олар мерекенің мерейін арттырды. Бұған қала тұрғындары да дән риза, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қоғамдық көліктің іші ерекше безендірілген. Түрлі-түсті жылтырақтар, әртүрлі әшекейлер бірден көзге түседі. Мерекелік көңіл-күйді жаңа жылдық ән әрлей түскен.     

Мұндай ерекше идеяның авторы автобус жүргізушісі Еркебұлан Өскенбаев екен. Биыл екінші жыл қатарынан Аяз атаның кейпіне енген отыз жастағы жүргізуші өзгелерді қуантуды жаным қалайды дейді. Автобус ішін де өзі безендірген.

"Жаңа жылда халыққа жаңа көңіл-күй сыйлағым келді. Кішкене қызығырақ болсын, халықтың көңілін көтерейік деп, ыңғайлы деп ойлайм енді. Кішкентай балаларымызға, бүлдіршіндерімізге сыйлығымызды беріп жатырмыз", - деді Еркебұлан Өскенбаев.

Жолаушылар автобуста әсем ән тыңдап қана қоймай, Аяз атамен суретке түсіп, мәз-мейрам.  Шымкентте ауа райы көктем күніндей болса да, автобусқа мінген әрбір жолаушы жаңа жылды сезініп, ерекше әсер алғандарын айтады.  

"Кез келген автобусқа мінем деп шыққам үйден. Тура осы автобусқа дәл келіппін. Аяз атамен бірге қаланы аралап жүргеніме қуаныштымын", "Бүгін бірінші рет мініп тұрмын. Күшті автобустарыңыз. Керемет", "Келе жатқан барыс жылы барлықтарыңызға құт-береке әкелсін. Дендеріңізге саулық әкелсін. Аяз атаға рахмет, қаншама адамның көңілін көтеріп келе жатыр", - дейді тұрғындар.

Шымкент қаласында дәл осылай, мерекеге сай безендірілген алты автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде. Жұртшылыққа ерекше қуаныш сыйлауды қуана құптаған компания басшысы балаларға базарлықты өз атынан әзірлеген. Әдемі, мерекелік шара 6 қаңтарға дейін жалғаспақ.  

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949450-symkentte-ayaz-ata-bop-kiingen-avtobus-zurgizusileri-turgyndardyn-konilin-koterdi-video/

pixel