Коронавирус: "Сары" аймақта еліміздің бір-ақ қаласы қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

31 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Қазақстанның ешбір өңірі тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Сонымен бірге, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте 480 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 987 866-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 576 адам коронавирустан сауығып шықты.

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 610 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 2 264 пациент стационарда, 14 346 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 213 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949455-koronavirus-elimizdin-bir-oblysy-sary-aimaqtan-syqty/

jitsu gif