Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде қанша адам коронавирус вакцинасын салдырғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы статистикалық мәліметтерді жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 8 986 163 адам, II компонентпен 8 515 110 адам екпе салдырды.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес 30 желтоқсанда Pfizer вакцинасының І-ші компонентін 275 853 жасөспірім, 19 572 жүкті әйел, 47 647 бала емізетін әйел қабылдаса, ІІ-ші компонентті 112 529 жасөспірім, 7 436 жүкті әйел, 19 043 бала емізетін әйел салдырды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты. Өткен тәулікте қауіпті індет 480 адамнан анықталған.

Сондай-ақ, 576 отандасымыз COVID-19 инфекциясын еңсеріп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949467-qazaqstanda-qansa-adam-koronavirus-vakcinasyn-saldyrdy/

pixel