Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ: Коронавирусқа шалдыққан 216 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Елімізде коронавируспен ауырған 2 264 пациент стационарда емделіп жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

"31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 610 адам коронавирус инфекциясынан (–14 643+ және 1 967 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 264 пациент стационарда, 14 346 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 213 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты. Өткен тәулікте қауіпті індет 480 адамнан анықталған.

Сондай-ақ, 576 отандасымыз COVID-19 инфекциясын еңсеріп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949474-dsm-koronavirusqa-saldyqqan-216-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel