Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елімнің атын шығарамын": Бес жасар қарағандылық қыз Мәскеудегі сән байқауында жеңіске жетті (фото)

Опубликовано:

Інжу Мұратбек
Інжу Мұратбек: жеке мұрағат

Қарағандылық 5 жасар қыз Інжу Мұратбек Ресейде өткен сән байқауында бірден екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Ресейлік суретші әрі модельер Слава Зайцевтің сән байқауында бақ сынаған бүлдіршіннің бұл алғашқы ірі жеңістерінің бірі деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сән, сұлулық пен өнерге арналған халықтық сән апталығында Інжу Мұратбек "Гран При Мисс Азия" және "Супер Модель Слава Зайцев" атағын жеңіп алып, Македонияда өтетін халықаралық сұлулық байқауына шақырту алды.

Байқауды ұйымдастырушылар бес жасар модельдің сұлулығы мен талантына таң қалған. Ал бәсекеге сегіз мемлекеттен сексеннен аса жас сәнгерлер қатысты.

Інжу Мұратбек
Інжу Мұратбек: жеке мұрағат

Сән көрсетілімінде Інжу қазақтың ұлттық киімімен ортаға шықты. Бұл байқауды ұйымдастырушылардың ерекше таңданысын тудырған.

"Ресейдегі байқау маған үлкен тәжірибе сыйлады. Бұл менің сән әлеміндегі алғашқы қадамдарымың бірі. Болашақта мен биік белестерді бағындырып, елімінің атын шығарғым келеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта мектепті жақсы оқып, өз саламның үздігі атансам деймін. Өскен соң әлемдік брендтермен жұмыс істейтін сәнгер болуды армандаймын", - дейді Інжу.

Інжу Мұратбек
Інжу Мұратбек: жеке мұрағат

Інжу сән саласындағы тырнақалды табысына анасының арқасында жеткенін айтады. Көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршін сурет салып, жануарлар әлемімен танысқанды да ерекше жақсы көреді.

"Динозаврлардан бастап, бәрін жатқа білемін. Жануарлардың қандай түрлерге бөлінетінін де жаттап алғам. Әрине, менің көп уақытым фототүсірілімге кетеді. Қарағандыдан Нұр-Сұлтанға, Алматы, Мәскеу, Баку қалаларына жиі жол жүреміз. Алайда, мен де бала сияқты ойнап, үйде анама қолғабыс боламын. Болашақта әлемге танымал сәнгер болып, Қазақстан атын шығаруды мақсат еттім", - дейді Інжу.
Інжу Мұратбек
Інжу Мұратбек: жеке мұрағат

Бүгінге дейін Інжу Мұратбек көптеген әлемдік сән апталықтарында өнер көрсетіп үлгерген. Ол қазан айында Мәскеуде, желтоқсан айында Бакуде өткен сән апталықтарына қатысты.

Інжу Мұратбек
Інжу Мұратбек: жеке мұрағат

Енді 6 қаңтар күні Солтүстік Македонияның Скопье қаласында өтетін балалар арасындағы әлемдік сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949514-elimnin-atyn-sygaramyn-bes-zasar-qaragandylyq-qyz-maskeudegi-san-baiqauynda-zeniske-zetti-foto/

pixel