Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: Ақмола облысында карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірде карантиндік шараларды жеңілдету туралы қаулыға қол қойды. Құжат Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, ас беру (банкет, үйлену той, мерейтой) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Одан бөлек, мерекелік корпоративтерді ұйымдастырып-өткізуге тыйым салынған.

Ал ойын-сауық орындары қарастырылмаған саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына адам саны 3-тен аспаған жағдайда баруға рұқсат беріліп отыр. Сонымен қатар, аталған жерлерге бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат берілген.

Сондай-ақ, қаулыда кинотеатр, тетар, концерт залдары, филармония, бильярд, компьютер клубтары, балалар ойын-сауық орталықтары сынды бірқатар объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Алайда ол үшін объектінің келушілерге толуы 30 пайыздан аспауы керек және әр нысанға қатысты белгілі бір жұмыс режимін сақтау қажеттігі ескертілген.

Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949520-zana-qauly-aqmola-oblysynda-karantindik-saralar-zenildetiledi/

pixel