Ақтөбе облысының полициясы күшейтілген қызмет түріне көшті

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет түріне көшті деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 2021 жылғы 31 желтоқсан – 2022 жылғы 5 қаңтар аралығында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

Көшелерде полиция жасақтарының, соның ішінде жаяу жүретін жасақтардың саны артатын болады.

Сондай-ақ мерекелік іс-шараларды өткізу орындарды, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін және адамдар көп жиналатын орындарды барынша қамтуды ескере отырып, нарядтарды патрульдеу маршруттарына қажетті түзетулер енгізілді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа қоғамдық тәртіпті сақтауға Ұлттық ұланның қызметкерлері де тартылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949523-aqtobe-oblysynyn-policiyasy-kuseitilgen-qyzmet-turine-kosti-e/