Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "жасыл" аймақта

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1 қаңтардағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 447 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949549-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-zasyl-aimaqta/