Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Опубликовано:
Синоптиктер 6-8 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Мамандардың дерегінше, 6 қаңтардан бастап Скандинавия аудандарынан келетін кезекті циклон республиканың басым бөлігінің ауа-райына әсер етеді.
Соның әсерінен жауын-шашын, көбінесе қар, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста түнде термометр 0-8 аязға, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 аязға дейін көтеріледі", - дейді синоптиктер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949567-elimizde-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/