Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 9 жыл бұрын жоғалып кеткен ер азамат табылды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысының тәртіп сақшылары 9 жыл бұрын жоғалып кеткен жігітті отбасына тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2012 жылы Түлкібас аудандық полиция басқармасына Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жасар тәрбиеленушісінің із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

Осыдан соң тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарына кірісіп кеткен. Лагерьдің аумағы мен баруы мүмкін жерлердің барлығын шолып шығады. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Осылайша 9 жыл өткенде жедел уәкілдер жоғалған ер азаматты тапты.

Криминалдық полиция басқармасының полицейлері сол кездегі жасөспірімнің бүгінгі таңда Келес ауданында мал бағып, күнелтіп жүргенін анықтады. Жоғалған жігіт қазіргі уақытта 24 жаста.

Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен шығып кетіп, ересек адамдар секілді өмір сүргісі келген. Содан соң жалдамалы қойшы болып жұмыс істеп, күнелткен.

"Тәртіп сақшылары жігіттің туыстарын тауып қауыштырды. Сонымен қатар жоғалу жайты бойынша арызданған балалар үйінің тәрбиеленушісін де шақырып, байланыстырды. Жігіттің ағасы мен балалар үйіндегі ұстазы тәртіп сақшыларына нәтижелі жұмыс пен іздеген жандарын дін аман тауып, отбасымен қауыштырғаны үшін алғыстарын айтты", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949579-turkistan-oblysynda-9-zyl-buryn-zogalyp-ketken-er-azamat-tabyldy/

pixel