ШҚО-да демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын объектілер ғана жұмыс істейді

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысында Ashyq жобасына қатысатын объектілер демалыс күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңірдегі объектілер өз қызметін "жасыл" аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады.

"5 қаңтардан бастап Ashyq жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде қауіпсіз "жасыл" статус болған жағдайда еш шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Яғни, бұл нысандар демалыс күндері де ашық болады", - делінген құжатта.

Осы ретте ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949611-sqo-da-demalys-kunderi-ashyq-zobasyna-qatysatyn-obektiler-gana-zumys-isteidi/

jitsu gif