Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда караоке-клубта атыс болды (видео)

Опубликовано:

атыс
Видеодан кадр: instagram.com/vkaragande.kz

Қарағандыда караоке-клубта атыс болып, салдарынан 23 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиға орнына видеолар жариялауда.

Бейнежазбаға қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жанжал клубқа келуші мен күзетшінің арасында туындаған.

"3 қаңтарда сағат 02.00-де келуші мен караоке-клуб күзетшісінің арасында жанжал туындады. 23 жастағы қала тұрғыны "жамбас тұсынан оқ жарақаты" диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Жанжалға қатысқандар анықталып, қару тәркіленді. Әрқайсысының жасалған қылмыстағы рөлін анықтау мақсатында жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні ШҚО Үржар ауылында қаруланған екі азамат жергілікті тойханалардың біріне кіріп, той үстінде оқ жаудырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949656-qaragandyda-karaoke-klubta-atys-boldy-video/

pixel