Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау мен Жаңаөзенде не болғанын өңірлік әкімдік түсіндіріп берді (видео)

Опубликовано:

Фото
Оқиға орны. Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында 2 қаңтар күні бірнеше адам газ бағасын төмендетуді талап етіп, көшеге шықты. Осы жағдайға қатысты өңірдегі әкімдіктің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетсек, Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шығып, видеоүндеу жолдаған болатын.

Олар ең төменгі жалақы мөлшерін ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Қалалықтардың сөзінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында газ бағасы 120 теңгеге жеткен.

Lada.kz басылымының жазуынша, кешке қарай наразылық акциясына Ақтау тұрғындары да қосылып, қаланың орталығындағы жолды жапқан. Бүгін болған жайтқа қатысты өңірлік әкімдік пікір білдірді.

"Ақтау және Жаңаөзен қалаларында көлік иелері сұйылтылған газ бағасының өсуіне наразылық танытқан акциялар тіркелді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері жиналғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оның барысында газ бағасын нарық, яғни сұраныс пен ұсыныс реттейтінін түсіндірді.

Ал құқық қорғау органдарының өкілдері Қазақстан Республикасының "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы" заңына сәйкес олардың әрекеті заңсыз екенін түсіндірді. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды конструктивті диалог арқылы мәселелерді заңды жолмен шешуге шақырды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға қоғамдық тәртіпті сақтау қажет екенін түсіндірді, өйткені оны бұзу тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, Жаңаөзендегі жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949658-aqtau-men-zanaozende-ne-bolganyn-onirlik-akimdik-tusindirip-berdi-video/

pixel