Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 30 градус аяз күтіледі

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 4-6 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 4 қаңтардан бастап республиканың көп бөлігінде жауын-шашын, негізінен қар жауып, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Алайда, суық Батыс антициклоны келіп, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді. Атап айтқанда, алдымен батыста, содан кейін шығыс батыста және басқа өңірлерде күн суытады.

Осы ретте, синоптиктер еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде -20-25 градус, кей жерлерде 30 градус аяз болуы ықтимал екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949669-aldagy-kunderi-elimizde-30-gradus-ayaz-boluy-yqtimal/

pixel