Ноғаев Жаңаөзенде жүргізушілермен кездесіп, оларды сындарлы диалогқа шақырды

Опубликовано:

Фото
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. Фото: instagram.com/akimat_mangystau

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етуші автокөлік иелерімен кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

Нұрлан Ноғаев жиналғандарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Маминнің өкіміен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылған еді.

Өңір басшысы облыстағы АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

"Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады", - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі жиналғандарды мәселені заң аясында, сындарлы диалог арқылы шешуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949682-nogaev-zanaozende-zurgizusilermen-kezdesip-olardy-syndarly-dialogqa-saqyrdy/

jitsu gif