Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі: Сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты

Жарияланған күні:

министр
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Экология министрлігі

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының нарық реттейтін бағасы қанша болу керектігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

"Сұйытылған мұнай газын тұтынудың көлемі 2021 жылы күшейді. Себебі 2019 жылдан бері сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны биыл шамамен 2 есе өсті. Әлемдік тәжірибеде сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты. Бензин бағасының 70 пайызын құрайды. Мысалы ретінде, АИ-92 маркалы бензиннің құны литріне 182 теңге болған кезде газдың нарықтық құны шамамен литріне 127 теңгені құрауы тиіс", - деді министр.

Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шығып, видеоүндеу жолдаған болатын.

Олар ең төменгі жалақы мөлшерін ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Қалалықтардың сөзінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында газ бағасы 120 теңгеге жеткен.

Тұрғындардың наразылығына қатысты мемлекет басшысы пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берген еді.

Кейінірек, премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949684-energetika-ministri-suiytylgan-gazdyn-bagasy-munai-bagasymen-ozara-bailanysty/