Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы қар жаууына байланысты жол қозғалысының қатысушыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте елорда аумағында 53 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам зардап шекті.

Көлік жүргізушілеріне көліктерін жол бойына қоймауды, қоғамдық көлік қозғалыстары мен қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуді ескертеміз. Қалың қар жауған кезде елорда көшелерінің тазалау жұмыстарын арнайы техникалар жүзеге асырады. Тазалау жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтық шараларын қатаң сақтаңыз! Жүргізушілерге өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға, кенеттен орын ауыстырулар мен тежелуден аулақ болуға, қала сыртына сапарға шығудан бас тартуды кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге де аса мұқият болуы қажет екенін айтты.

"Жолдан өткен кезде гаджеттерден алшақтап, құлаққаптарды шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. Қолайсыз ауа-райында сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері аулалардағы қарды уақытылы тазалауды ұйымдастыруы қажет", - деді полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмек көрсетеді. Оған қоса, қала тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949719-policiya-nur-sultan-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel