Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет: Барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылданады

Опубликовано:

Маңғыстау
Видеодан кадр: Lada.kz

Қазіргі уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған президент әкімшілігінің, энергетика министрлігінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

"Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда үкіметтік комиссия өз жұмысына кіріскенін мәлімдеген болатын.

Оған қоса, Qazaq Oil компаниясы орын алған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949726-ukimet-barlyq-taraptardy-qanagattandyratyn-ozara-qolaily-sesim-qabyldanady/

pixel