Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы жағдай: Комиссия жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді

Опубликовано:

Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді
Фото: primeminister.kz

Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

"Кездесуде өзекті мәселелер, соның ішінде сұйытылған газ бағасын төмендету туралы айтылды. Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді. Президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған.

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Өңірде газ бағасы төмендейтіні хабарланды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда үкіметтік комиссия өз жұмысына кіріскенін мәлімдеген болатын.

Оған қоса, Qazaq Oil компаниясы орын алған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған президент әкімшілігінің, энергетика министрлігінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты облыстық қоғамдық штаб құрылды.

Сонымен қатар, үкіметтік комиссия мүшелері белсенділермен келіссөз жүргізіп жатқанын жазған едік. Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949732-mangystaudagy-zagdai-komissiya-zanaozendik-belsendi-bastamasyl-toppen-kelissoz-zurgizdi/

pixel