Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белсенділер Маңғыстау әкімінің көлігін жолда тоқтатып алды (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Ноғаев
Видеодан кадр: Instagram/mangystau_online

Әлеуметтік желіде Маңғыстау әкімінің видеосы тарап кетті. Белгілі болғандай, наразылық білдірушілер оның көлігін жолда тоқтатып алған. Нұрлан Ноғаев үкіметтік комиссия мүшелерімен кездесіп, әуежайдан қайтып келе жатқан. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде Маңғыстау облысы әкімінің видеосы жарияланды. Ақтауға бара жатқан өңір басшысын наразы халық жібермей қойған. Нәтижесінде Нұрлан Ноғаев көлік ішінен шығып, тұрғындармен сөйлесті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірге үкіметтік комиссияның келгенін хабарлады. Облыс басшысы делегацияны қарсы алып, қайта қалаға бара жатқан. Алайда, наразылық білдірушілер оның жолына кедергі келтіріп, оның көлігін тоқтатып алған.

Нұрлан Ноғаев тұрғындармен сөйлесіп, кейін үкіметтік комиссия мүшелері қатысатын келіссөздерге жол тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949739-belsendiler-mangystau-akiminin-koligin-zolda-toqtatyp-aldy-video/

pixel