Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент демонстранттарға үндеу жасады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда газ бағасына қатысты наразылық білдіргендерге үндеу жасады. Президент еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оған қоса, мемлекет басшысы үкімет Маңғыстау облысындағы газ бағасы 50 теңгеге дейін түсіру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

"Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - деп жазды президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949743-prezident-demonstranttarga-undeu-zasady/

pixel