Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әкімдік алдында тәртіпсіздіктер орын алды (видео)

Опубликовано:

Ақтаудағы тәртіпсіздіктер
Видеодан кадр: lada.kz

Әлеуметтік желіде Маңғыстау әкімдігінің алдында орын алған тәртіпсіздіктердің видеосы тарап кетті.

Маңғыстау әкімдігінің ғимараты алдында орын алған тәртіпсіздіктердің видеосын желіге куәгерлер жариялап жіберген. Оған қоса, бейнежазбада арнайы жасақ сарбаздары да бой көрсетті. Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы хабарлады.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеолардың бірінен 14-шағын аудан жақтан әкімдік ғимаратына қарай қалқандары бар арнайы киінген адамдардың бара жатқанын байқауға болады. Сонымен қатар, әскери формадағы азаматтардың ағаш жәшіктерді шығарып жатқаны байқалады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы митингтердің жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқанын хабарлаған едік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика бойынша орын алған жағдайларға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949761-aqtauda-akimdik-aldynda-tartipsizdikter-oryn-aldy-video/

pixel