Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау әуежайында шеру салдарынан рейстер кейінге шегерілді

Опубликовано:

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Елдегі жаппай шеру салдарынан Ақтау әуежайында рейстер кейінге шегеріле бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шеру өтіп жатқан Ақтау-Атырау бағытындағы бір рейс тоқтатылып, тағы бірнешеуі кейінге шегерілді. Осылайша Нұр-Сұлтанға ұшу уақыты 22:35-тен 08:05-ке ауыстырылды. Ақтаудан Алматыға ұшу 23:40-тан 12:35-ке шегерілді. Грузия астанасы Тбилисиге ұшу 22:55-тен 01:00-ге шегерілді.

Маңғыстау облысында жаңа жылдың алғашқы күндері басталған митингілерге сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауы – литріне 120 теңгеге дейін көтерілуі себеп болды.

4 қаңтарда елдің басқа аймақтарында, соның ішінде Алматыда шерулер өтті.

Осыдан кейін Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері газ бағасының литріне 50 теңгеге түсетінін хабарлады. Тоқаев Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай жариялады.

Алматыда тәртіпсіздік кезінде полиция қызметкері соққыға жығылды, Ақтауда наразылар жергілікті әкімдік ғимаратының алдына жиналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949810-aqtau-auezaiynda-seru-saldarynan-reister-keiinge-segerildi/

pixel