Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының басшысы ұсталды

Опубликовано:

Газ өңдеу зауыты
Газ өңдеу зауыты: lada.kz

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты мен сұйытылған газ сататын электронды сауда алаңының басшылары ұсталды. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетелік, «Қазақгаз» зауыты Маңғыстау облысы мен еліміздегі аймақтардың басым бөлігін газбен қамтамасыз етеді.

Президент өткен маусым айында кейінгі үш жылда еліміздегі газды қолдану екі есеге өскенін, ал «Қазақгаз» кәсіпорнындағы құрылғылардың 90 пайызы ескіргенін мәлімдеген болатын.

Айта кетелік, еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерден соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметін отставкаға жіберіп, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қызметінен босатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949822-zanaozendegi-munai-ondeu-zauytynyn-bassysy-ustaldy/

pixel