Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өтіп жатқан заңсыз шерулерде 95 полицей зардап шекті

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі соңғы екі күнде елді дүр сілкіндірген ауқымды наразылық акциялары туралы хабарлады. Ведомсто дерегінше, тәртіпсіздік салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкері жарақат алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің бірқатар аймағында заңсыз акциялар өтті. Жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның ескертулеріне қарамастан азаматтар арандатушылық шақыруларға еріп, тұрақтылыққа және халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасай бастады.

Сонымен қатар, азаматтардың жекелеген топтары жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойды", - делінген хабарламада.

Осы орайда министрлік құқық қорғау және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалып, әйнектер мен есіктердің сынғаны, басқа да материалдық залал келгені белгілі болды.

"Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген.

Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949834-qazaqstandagy-tartipsizdikter-saldarynan-95-policei-zardap-sekti/

pixel