Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысына әскерилер кіргізілгені туралы ақпаратқа ІІМ пікір білдірді

Опубликовано:

Маңғыстау
Видеодан кадр: stopfake.kz

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желідегі Маңғыстау облысына әскери қызметшілердің жіберілгені туралы видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады stopfake.kz.

Telegram-да Маңғыстау облысына оқ-дәрілермен әскери қызметшілер жіберілгені туралы видео таралуда. Бұл ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігі жоққа шығарды.

чат
скриншот: stopfake.kz
"Бұл чатта жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, 2 қаңтар күні Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының 120 теңгеге көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан болатын. Жаңаөзендіктердің бұл бастамасы еліміздің бірқатар өңірінде жалғасын тапты.

Атап айтқанда, 3 қаңтар күні Ақтау мен Атырауда жаппай ереуілдер болды.

Аталған жайт бойынша президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, Маңғыстау облысында газ бағасын 120 теңгеде 50 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарылды.

Десе де, наразылық шаралары мұнымен тоқтаған жоқ. Ереуілдер 4 қаңтар күні кешке Алматыда жалғасын тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949845-mangystau-oblysyna-askeriler-kirgizilgeni-turaly-aqparatqa-iim-pikir-bildirdi/

pixel