Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнде от жақты: Ақтөбе әкімдігінің алдына жиналған жүздеген адам әлі тарамаған

Опубликовано:

Ақтөбе
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбедегі шеру екінші күнге жалғасуда. 4 қаңтарда түс ауа облыс әкімдігі жанындағы алаңға бірнеше мың адам шықты. Жиналғандар Әбілқайыр хан ескерткішінің жанына сап түзеп тұрды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімдігі алдындағы орталық даңғылдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Наразылық білдірушілер сұйытылған газ бағасын төмендетуден бөлек тағы бірнеше талап қойды.

Ақтөбе
Фото: KAZ.NUR.KZ

Дәл сол күні қала әкімдігі сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін түскенін хабарлады. Алайда халық тараған жоқ. Жылыну үшін жол бойында от жағылып, алаңға киіз үй тігіліп, қазан орнатылған.

Митинг түні бойы жалғасты. Бүгін, 5 қаңтар таңертең жүздеген наразылық білдіруші топ әлі де алаңда жүр. Әкімдік жанынан қоршау орнатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949867-tunde-ot-zaqty-aqtobe-akimdiginin-aldyna-zinalgan-zuzdegen-adam-ali-taramagan/

pixel