Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен екі облыста ТЖ режимі енгізілді: Бас прокуратура үндеу жариялады

Опубликовано:

Алматы шеру
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев барша отандасына үндеу жолдап, ТЖ режимін бұзғандар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Дембаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында президент жарлығымен Алматы қаласы мен облысы және Маңғыстау облысының аумағында төтенше жағдай енгізілгенін еске сала кетті.

Бас прокурордың орынбасары коменданттық сағат қағидаларын бұзған жеке тұлғаларды полиция қызметкерлері немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейін ұстауға құқылы екенін ескертті.

Ал өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды 48 сағатқа дейін немесе жеке басын анықтағанға дейін ұстайды.

Сондай-ақ, ұсталған адамдардың алып жүрген заттары мен көлік құралдары тексерілуі мүмкін.

"Төтенше жағдай режимінің көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын атап өтеміз.

Осылайша, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде тыйым салынған ереуілге басшылық ету және ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі – ҚК) 379 және 401-баптары бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату ҚК-нің 274-бабына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Төтенше жағдай кезінде қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру 10 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді (ҚК-нің 459-бабы)", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін тиісінше 15 және 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Бұл ретте ТЖ кезінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау ауырлататын мән-жай болып табылады және неғұрлым қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.

"Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, ішкі істер органдары мен уәкілетті органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға, оларға қажетті жәрдем көрсетуге шақырамыз.
Сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылыққа берілмеуге және төтенше жағдай режимін бұзбауға, ресми дереккөздерде орналастырылған елдегі ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз", - деді Дембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949875-almaty-men-eki-oblysta-tz-rezimi-engizildi-bas-prokuratura-undeu-zasady/

pixel