Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат: 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы бізге сабақ болуға тиіс

Опубликовано:

жасақ11
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл елдегі жаппай наразылық кезінде адам шығынына жол бермеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

БАҚ өкілдері мәжіліс кулуарында депутат Бақытбек Смағұлдан елде 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиға қайталанбай ма деп сұрады.

"Ол қайталануға тиісті емес. Жаңаөзен оқиғасы бізге үлкен сабақ болуға тиіс. Оның бір рет болғаны жеткілікті емес пе. Адам өмірінен маңызды не бар. Соған әкелмеу керек, арандатушыларға ермеу керек. Қарапайым халыққа заң жүзіндегі талабын жалғастыруға ешкім де шек қоя алмайды. Алайда соны пайдаланып, қоқан-лоққы көрсетуге болмайды, тіпті ол әскери адам болсын. Қарапайым халық өзге жат жердегі адамдарға сеніп, алаңды пайдаланып шыға салып, оған ермеуі керек", - деді мәжіліс депутаты.

Журналистер Смағұлдан "халық мәжіліс кетсін деген талап қойса, кетуге дайынсыз ба" деп сұрады.

"Мен әрқашан да "құп болады" деймін. Мен бұларға байланып қалған адам емеспін. Осы жерде қоғамға кішкентай да болса пайдамыз тисін деген оймен жүрміз", - деді депутат.

Бақытбек Смағұл депутаттар әрқашан халықпен бірге екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, 2 қаңтар күні Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының 120 теңгеге көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан болатын. Жаңаөзендіктердің бұл бастамасы еліміздің бірқатар өңірінде жалғасын тапты.

Атап айтқанда, 3 қаңтар күні Ақтау мен Атырауда жаппай ереуілдер болды.

Аталған жайт бойынша президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, Маңғыстау облысында газ бағасын 120 теңгеде 50 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарылды.

Десе де, наразылық шаралары мұнымен тоқтаған жоқ. Ереуілдер 4 қаңтар күні кешке Алматыда жалғасын тапты. Наразы топ қаладағы "Алматы Арена" мұз кешені маңына жинала бастаған. Мегаполистегі митингтер тәртіпсіздіктерге ұласып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Алматы қаласында коменданттық сағат енгізілді.

Қалада мобильді интернет өшіріліп, бірқатар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысы тоқтатылды.

Артынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді.

Одан бөлек, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу тағайындалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, еліміздегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан заңсыз наразылық акциялар нәтижесінде 200-ден астам адам ұсталған.

Айта кету керек, қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949879-deputat-2011-zylgy-zanaozen-oqigasy-bizge-sabaq-boluga-tiis/

pixel