Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда түндегі тәртіпсіздіктерден кейінгі жағдай қалай

Опубликовано:

Түнгі тәртіпсіздіктен кейінгі Нұр-Сұлтан. Фото NUR.KZ/Алена Бутенко
Түнгі тәртіпсіздіктен кейінгі Нұр-Сұлтан. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Кеше түнде елордадағы Уәлиханов пен Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында тәртіпсіздіктер жалғасқан болатын. Қаланың аталған бөлігіндегі бүгінгі жағдайды KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Абай мен Уәлиханов және Сейфуллин көшелеріндегі тәртіпсіздіктер қаңтардың төртінен бесіне қараған түні 01:30-2:00 шамасында аяқталды. Жағдайды ондаған патрульдік көліктер мен автобустар бақылады.

Бүгін Нұр-Сұлтандағы ахуал қалыпты. Адамдар мен көліктер қалада еркін қозғалуда. Митингтер өтіп жатқан жоқ.

Елордада қоғамдық көлік тоқтамаған, алайда, такси бағасы бірден шарықтап кетіпті. Ең жақын жерге такси шақыру 2000 теңгеден басталады.

"Артем" және "Жаннұр" сауда үйлері бүгін жабық. Неліктен жабылғаны туралы ешбір дерек жоқ.

Сондай-ақ, митинг өткен аудандардағы көше тамағын сататын орындар жабық. Қаладағы мобильді интернет жұмыс істемегендіктен, мобильдік аударымдар тоқтап қалды, QR арқылы төлем жасау да мүмкін емес.

Кешегі тәртіпсіздіктерден кейін бүгін қалада патрульдік көліктер кезекшілік жасауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949881-nur-sultanda-tundegi-tartipsizdikterden-keiingi-zagdai-qalai/

pixel