Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Митинг
Алматы: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының комендатурасы мегаполис тұрғындары үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизммен күрес бойынша шаралардың әлі де жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле би көшесі, Райымбек және Абай даңғылдары, сондай-ақ қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз.

Сонымен бірге, қала тұрғындарынан дәл қазіргі уақытта серуендемеуді және қоғамдық орындарға бармауын өтінеміз.

Бұл шаралардың барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қолға алынып жатыр.

Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңның сақталуы бойынша шараларды қабылдауды жалғастыруда", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2 қаңтар күні Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының 120 теңгеге көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан болатын. Жаңаөзендіктердің бұл бастамасы еліміздің бірқатар өңірінде жалғасын тапты.

Атап айтқанда, 3 қаңтар күні Ақтау мен Атырауда жаппай ереуілдер болды.

Аталған жайт бойынша президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, Маңғыстау облысында газ бағасын 120 теңгеде 50 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарылды.

Десе де, наразылық шаралары мұнымен тоқтаған жоқ. Ереуілдер 4 қаңтар күні кешке Алматыда жалғасын тапты. Наразы топ қаладағы "Алматы Арена" мұз кешені маңына жинала бастаған. Мегаполистегі митингтер тәртіпсіздіктерге ұласып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Алматы қаласында коменданттық сағат енгізілді.

Қалада мобильді интернет өшіріліп, бірқатар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысы тоқтатылды.

Артынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді.

Одан бөлек, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу тағайындалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, еліміздегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан заңсыз наразылық акциялар нәтижесінде 200-ден астам адам ұсталған.

Айта кету керек, қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949882-almaty-qalasy-komendaturasy-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel