Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке басып кіруге тырысып жатыр

Опубликовано:

Митинг
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке шабуылдай бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

Басылым дерегінше, ғимараттың алдында үш мыңға жуық ер адам жиналған. Көбісінің қолында резеңке таяқ бар.

Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкері оларға жарық шу гранаталарымен тойтарыс беріп жатыр.

Одан бөлек, басылым ер адамдар БАҚ өкілінің көзінше бірнеше тәртіп сақшысын соққыға жыққанын, қалқандар мен каскаларды тартып алғанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, Алматыдағы наразылық шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, салдарынан медициналық мекемелерге 190 адам жүгінген. Олардың 150-і жедел жәрдеммен, қырық шақтысы өздері келген. 40 адам ауруханаға жатқызылған. Оның ішінде зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Олардың төртеуі полиция қызметкерлері.

Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккендердің 137-і полиция қызметкері мен 53-і бейбіт тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949903-almatyda-narazylyq-bildirusiler-akimdikke-basyp-kiruge-tyrysyp-zatyr/

pixel