Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы митингтер: Өскемендегі бас алаң қоршауға алынды (фото)

Опубликовано:

https://vk.com/video-33917063_456240611
Өскемендегі бас алаң: yk-news.kz/Виктор Абакумов

Бүгін, 5 қаңтар күні, Өскемендегі облыстық әкімдік ғимараты мен Республика алаңы маңын полицейлер қоршауға алды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның хабарлауынша, таңертең қала орталығында митингтер байқалған жоқ. Облыстық әкімдік пен басты алаңды құқыққорғаушылар қоршап алған.

Өскемендегі бас алаң
Өскемендегі бас алаң: yk-news.kz/Виктор Абакумов

ШҚО полиция департаменті мен Өскемен полиция басқармасы әзірге аталған жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Өскемендегі бас алаң
Өскемендегі бас алаң: yk-news.kz/Виктор Абакумов

Noks.kz мәліметінше, түскі уақытта алаң маңына он шақты адам жиналған. Қаланың орталық бөлігінде әлі де тәртіп сақшылары жүр.

Оқиға орнында жүрген басылымның тілшілері Республика алаңына қарай адамдар бара жатқанын хабарлады. Олардың басым көпшілігі қара түсті киім киген ер адамдар екені белгілі болды. Аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949906-qazaqstandagy-mitingter-oskemendegi-bas-alan-qorsauga-alyndy-foto/

pixel