Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігінің ғимараты өртке оранды

Опубликовано:

Фото
Фото: Оқиға куәгерлері

Куәгерлер Алматы әкімдігінің ғимараты өртке оранғанын хабарлауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Куәгерлердің сөзінше, ғимараттың терезелері мен есіктері қиратылған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке шабуылдай бастағаны хабарланған еді.

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, ғимараттың алдында үш мыңға жуық ер адам жиналған. Көбісінің қолында резеңке таяқ бар.

Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкері оларға жарық шу гранаталарымен тойтарыс беріп жатыр.

Одан бөлек, басылым ер адамдар БАҚ өкілінің көзінше, бірнеше тәртіп сақшысын соққыға жыққанын, қалқандар мен каскаларды тартып алғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949908-almaty-akimdiginin-gimaratynan-ort-syqty/

pixel