Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Nur Otan партиясының филиалынан қалың түтін шықты

Опубликовано:

"Нұр Отан" жазуы
Көрнекі фото: nurotan.kz

Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалынан қалың түтін шығып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқиға орнынан.

Басылымның мәліметінше, алты қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабатындағы терезелер толығымен сынған. Сыртта шыны шашылып жатыр. Қабырғасын да бүлдіріп кеткен.

"Қазіргі кезде екінші-үшінші қабаттан қалың түтін шығып жатыр. Бірақ оттың жалыны көрінбейді", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұған дейін куәгерлер Алматы әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949910-almatyda-nur-otan-gimaratynan-qalyn-tutin-sygyp-zatyr/

pixel