Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда митингке шыққандар әкімдікке басып кірді

Опубликовано:

Алматы
Оқиға орнынан фото: Zakon.kz

Алматыда наразылыққа шыққандар әкімдікке басып кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқиға орнынан.

Басылым мәліметінше, ғимарат ішінде тәртіп сақшылары болған. Олар жарық-шу гранаталарын қолданған.

Наразылық білдірушілердің де қолында жарық-шу гранаталары, таяқ пен қалқан болған.

Сонымен қатар басылым жұрттың бір бөлігі бұл кезде президенттің ескі резиденциясына басып кіруге тырысып жатқаны да мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке шабуылдай бастағаны хабарланған еді.

Кейінірек куәгерлер ғимараттан өрт шыққанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949920-almatyda-mitingke-syqqandar-akimdikke-basyp-kirdi/

pixel