RU

"90 мың теңге ұсынды": Шетел азаматы Алматыдағы митингіге қалай тап болғанын айтты

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Алматыда қолға түскен күдіктінің видеосын жариялады. Шетел азаматына тәртіпсіздіктерге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынылған деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол Қырғызстаннан Алматыдағы митингіге арнайы ақша табу үшін келген.

Өзінің айтуынша, оған әлдекімдер хабарласып шақырған. Алматыға дейін ұшаққа билет те алып берген. Ал митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынған. Қазір күдіктіні тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық-қарлық, тонау сынды қылмысқа барғандарды ұстау операциясы жалғасып жатыр. Қала маңында қойылған бақылау бекеттерінде тінту жұмысы үздіксіз жүргізіледі. 

"Қаңтардың бірі күні маған танымайтын біреулер хабарласып, митингке қатысуға шақырды. 90 мың теңге ұсынды. Мен Қырғызстанда жұмыссыз жүргенмін. Келістім, олар маған билет сатып алып берді. Екісі күні Алматыға келдім. Содан кейін мені Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің азаматтары жатқан пәтерге алып келді. Бірақ мен олардың не айтқандарын түсінбедім. Митинг басталған кезде мен шошып кеттім де, пәтерге қайтып келдім. Сонда қондым, келесі күні үйге қайтуды шештім. Мені әскерилер Самсы ауылында ұстап алды. Пәтерде он шақты адам болған шығармыз. Билетті ұшаққа алып берді", - деді күдікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950051-90-myn-tenge-usyndy-qyrgyzstan-azamaty-almatydagy-mitingige-qalai-tap-bolganyn-aitty/