Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы төтенше жағдай: Бизнеске келген шығын 92 млрд теңгеден асты

Опубликовано:

теңге
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде отандық бизнеске келтірілген шығын мөлшері 92 млрд теңгеден асып кетті. Бұл мәліметтермен "Атамекен" ұлттық кәсікерлер палатасы бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 қаңтар, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, сall-орталыққа 2320 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 1127, форс-мажор бойынша – 26, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 1052 өтініш берілді.

Еліміздің 10 өңірінде 1351 объектіде орналасқан 1181 бизнес нысаны зардап шеккен. Оның ішінде Алматыда – 1091 объектіде орналасқан 935 субъект бар.

Зардап шеккен бизнес нысандары:

  • сауда саласында – 1122;
  • қоғамдық тамақтандыру саласында – 17;
  • қаржы секторында – 31,
  • логистика саласында – 8 нысан зардап шекті.
"Залалдың жалпы сомасы, шамалап есептеулер бойынша, 92,3 млрд теңгеден асты. Алматыдағы шығын 90,7 млрд теңге көлемінде", - деп жазылған "Атамекен" мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950054-qazaqstandagy-totense-zagdai-bizneske-kelgen-sygyn-92-mlrd-tengeden-asty/

pixel