Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ Алматыдағы әскери биозертхананы белгісіз біреулер басып алғанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Зертхана1
Көрнекі фото: piqsels.com

Белгісіз біреулер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы маңындағы әскери биозертхананы басып алғаны туралы ақпарат таратуда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Аталған нысан күзетілуде.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, хабарламада нысан жанында химиялық қорғаныс костюмдерін киіп алған мамандар жұмыс істеп жатқаны жазылған. Хабарлама авторлары биозертханаға шабуыл жасалып, қауіпті патогендер сыртқа ағып кетті деп болжады.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі толығымен жоққа шығарды.

"Бұл фейк. Нысан күзетілуде", – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңындағы орталық референттік зертхана 2017 жылы салынған. Оның негізгі қызметі диагностика болып табылады. Онда аса қауіпті инфекциялар ошақтары зерттеледі, дәрігерлер оқытудан өткізіледі және қауіпті қоздырғыштар сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950066-dsm-almatydagy-askeri-biozertxanany-belgisiz-bireuler-basyp-alganyn-zoqqa-sygardy/

pixel