Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданатыны белгілі болды

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда ертең, 10 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен қоғамдық көліктің жұмысы қалпына келе бастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ертең, 10 қаңтарда мегаполисте автобустар 11 маршурт бойынша қатынайды.

Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты 7.45-тен 20.00-ге дейін.

Ертеңгі маршрут тізімі:

  • № 11: Саин - Райымбек - Райымбектің бойымен тіке - Тәтібеков - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
  • № 128: Саин - Жандосов - Алтынсарин - Абай - Достық - Самал ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
  • №141: Рысқұлов - Розбакиев - Райымбек - Саяхат - Достық - Мұзтау ықшамауданы (Бутаковкадан бұрылыс) (кері осы бағыт бойынша),
  • №65: Саин - Төле би - Абай - Достық - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
  • № 206: Төле би - Саин - Төле би бойымен тіке - ҮААЖ (кері осы бағыт бойынша),
  • № 38: Әл-Фараби - ҮААЖ - Саин - Рысқұлов (кері осы бағыт бойынша),
  • № 205: Жетісу базары - ҮААЖ - Төле би - Тимирязев - Саин - Әл-Фараби (кері осы бағыт бойынша),
  • № 16: Төле би -  Саин - Төле би бойымен тіке - Желтоқсан/Наурызбай батыр - Гоголь - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша),
  • № 118: Райымбек -  Сайын - Абай - Назарбаев - Төле би - Қалдаяқов - Гоголь - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша).

Қалааралық маршруттардың қайта қалпына келуі мен 11 - 12 қаңтардағы қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Айта кетейік, Алматы метрополитені төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жабық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950067-almatyda-qogamdyq-koliktin-qasannan-bastap-zuretini-belgili-boldy/

pixel