Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полиция пәтерлер мен аулаларды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов астаналықтарға үндеу жасады. Ол тәртіп сақшыларының пәтерлер мен аулаларды тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас полицейінің сөзінше, бүгінде қаладағы жағдай тұрақты. Елорда толығымен жедел бақылауға алынған. Блокбекеттер жұмыс істеп тұр.

"Қоғамдық тәртіпті бұзушыларды анықтау мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатыр. Осы ретте пәтерлер мен аулаларды тексеру жұмыстары басталды.

Тұрғындарды түсіністік танытып, полициямен бірлесе жұмыс істеуге шақырамын.

Егер сіздерге күдікті адамдар туралы ақпарат белгілі болса, полиция қызметкерлері келгенде ол туралы хабарлаңыздар.

Коменданттық сағат жалғасуда. Үйлеріңізде болып, қажеттілік болмаса қала сыртына шықпауды және балаларыңыздың қайда жүргенін бақылауды сұраймыз. Мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз бен қаладағы тәртіпті сақтау үшін жасалуда", - дейді Сәденов елордалықтарға үндеуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950068-nur-sultanda-policiya-paterler-men-aulalardy-tekseru-zumystaryn-zurgizip-zatyr/

pixel