Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада терроризмге қатысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталды

Опубликовано:

Орал
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылордада терроризмге қатысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарна дерегінше, өңірде барлығы 225 адам қолға түскен. Сонымен қатар, 50 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Одан бөлек, төтенше жағдай режимін бұзудың 9 фактісі тіркелген.

Қызылордада тәртіпсіздіктер басталған күндері түрлі жарақатпен екі жүзден астам адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың елуге жуығы ауруханада емделіп жатса, 15-і - жансақтау бөлімінде.

Антитеррористік операцияның жалғасып жатқанына қарамастан, Қызылорда облысы біртіндеп қалыпты өмірге оралып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров оңтүстік астанада тәртіпсіздіктерден кейін 850 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950077-qyzylordada-terrorizmge-qatysy-bar-degen-kudikpen-27-adam-ustaldy/

pixel