Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында әкімдік ғимаратын өртеді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Көрнекі фото: piqsels.com

Жамбыл облысының орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Жедел штабтың мәліметінше, Жамбыл облысының әкімдік ғимаратын өртеп, тонады деген күдікпен төрт адам ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел штаб ақпаратына сенсек, өткен күні облыс әкімдігін өртеуге және ғимаратты бүлдіруге қатысты деп күдіктелгендер ұсталған. Олардан екі Калашников автоматы тәркіленді.

"Хабар 24" сайтының хабарлауынша, Жамбыл облысында барлығы 139 қаруланған азамат қолға түскен.

14 дана Калашников автоматы, 1 дана Драгунов снайперлік винтовкасы, 15 - карабин, 8 патрон мен граната тәркіленді. Қаскөйлер бұл қару-жарақты Жамбыл облысының аумағында террористік шабуыл мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қолдануды көздеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950081-zambyl-oblysynda-akimdik-gimaratyn-ortedi-degen-kudikpen-tort-adam-ustaldy/

pixel