Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"90 мың теңге ұсынды": Ұсталған шетел азаматының мәлімдемесіне Қырғызстан пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі мен ішкі істер министрлігі Қазақстанда қырғызстандықтың ұсталуына байланысты жайттарды анықтауға кірісті. Бұған дейін, құрықталған шетел азаматы 90 мың теңге үшін Алматыдағы митингіге қатысуға келісім бергенін айтқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қазіргі таңда Қазақстанның құзырлы органдарымен бірлесе отырып аталған азаматтың ұсталуына қатысты барлық жайттарды анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізуде", - делінген Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Sputnik Кыргызстан басылымының мәліметінше, әлеуметтік желілерде ұсталған ер адамның аты-жөні туралы ақпарат пайда болған. Бұл ақпараттарға сәйкес, ол Қазақстанға жиі келіп, ел алдында өнер көрсететін көрші елдегі танымал джаз орындаушысы болуы мүмкін. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі аталған азаматтың жақындарымен хабарласқан. Олар оның расымен де 2 қаңтар күні Алматыға ұшып кеткенін айтқан.

Еске салсақ, ішкі істер министрлігі Алматыда қолға түскен күдіктінің видеосын жариялаған болатын. Шетел азаматына тәртіпсіздіктерге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынылғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950082-90-myn-tenge-usyndy-ustalgan-setel-azamatynyn-malimdemesine-qyrgyzstan-pikir-bildirdi/

pixel