Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында қаруланған 10 қылмыскердің көзі жойылды

Жарияланған күні:

Алматы дүрбелең
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар туралы соңғы ақпараттар шықты. Тың деректерді жедел штаб жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетел штабтың мәліметінше, Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерге жол берген жалпы 153 қатысушы ұсталған. Олардың ішінде қару асынған 10 қылмыскердің көзі жойылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте облыс әкімдігін өрттеуге және ғимаратты бүлдіруге қатысқан күдіктілер ұсталды. Олардан екі Калашников автоматы тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада терроризмге қатысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталған болатын.

Cонымен қатар, Қазақстаннан қашып кетпек болған үш жүзге жуық адам шекарада ұсталғанын жазған едік. Бұл ақпаратты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950084-zambyl-oblysynda-qarulangan-10-qylmyskerdin-kozi-zoiyldy/