Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда базарлар, дәріханалар, жанармай бекеттері жұмыс істей бастады

Опубликовано:

Дәріхана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласында ірі супермаркеттер, базарлар, дәріханалар және жанар-жағармай құю бекеттері қайта жұмысын бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәліметінше, қала жеткілікті мөлшерде өндірістік және бірінші кезектегі тауарлармен қамтамасыз етілген.

Бүгінде оңтүстік астанада 77 супермаркет, ірі 3 өндірістік базары ("Барыс", "Алматы 1", "Арыстан") қайта жұмысын жандандырды.

Сонымен қатар, Алматыда 44 жанар-жағармай бекеті істеп тұр. Тағы 25-і ашылуға дайын.

Қалада автогаздың бағасы 70 теңгеге дейін саудалануда.

Қазіргі уақытта мегаполисте 111 дәріхана ашық.

Олардың 107-сінің жұмыс уақыты 8.00 - 19.00.

24 сағат жұмыс істейтін дәріханалардың мекенжайы:

  • Прокофьев көшесі, 140,
  • Майлин көшесі, 13,
  • Красногвардейск көшесі 573А,
  • Думан ықшам ауданы, Аяз би көшесі, 2.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950091-almatyda-bazarlar-darixanalar-zanarmai-beketteri-zumys-istei-bastady/

pixel