Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елді дүрліктірген оқиғалардан кейінгі Алматы қандай күйде

Опубликовано:

Алматы дүрбелең
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы тыныс-тіршілік бұрынғы қалпына қайта келіп жатыр. Кейбір азық-түлік дүкендері мен супермаркет желілерінің кей бөлімдері жұмыс істеп тұр. Бұл туралы жақын күндері болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қаланы аралап шыққан NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кей дүкендер мен мекемелер әзірге жабық тұр. Кейбір ғимараттарда сынған терезелер мен есіктерді құрылыс материалдарымен уақытша жауып қойған. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары басталған жерлер де кездеседі.

Бағдаршамдар барлық жерде бірдей жұмыс істеп тұрған жоқ, кей көшелерде тіпті сынып қалған.

Ал ғимараттарды бұзып-кіру үшін пайдаланылған тракторлар мен өртенген көліктер көшелерден алынып тасталып жатыр. Асфальтта көліктердің өртенгеннен кейін қалып қойған іздері әлі де байқалады.

Коммуналдық қызмет жұмысшылары аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Республика алаңы мен полиция департаментінің аймағы қоршалған, олардың айналасына блокбекеттер қойылған.

Айта кетерлігі, Тастақ базарындағы гүл сататын қатар өз жұмысын бастап кеткен - сатушылардың айтуынша, бүгін оларда тіпті сатып алушылар да болыпты.

Сауда нүктелерінің иелері тәртіпсіздіктер туралы ести салысымен гүлдерді алып кетіп үлгерген екен. Олардың айтуынша, жолдың арғы бетіндегі ломбардтармен салыстырғанда гүл сататын орындағы сөрелер өз қалпында қалған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950105-eldi-durliktirgen-oqigalardan-keiingi-almaty-qandai-kuide/

pixel