Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Алматыдағы тәртіпсіздіктен зардап шеккендерге барды

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық қалалық клиникалық ауруханаға барып, қаладағы тәртіпсіздік кезінде жарақат алған әскерилер мен полицейлердің жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, әкім жарақат алғандарға террорлық шабуылдан қаланы қорғауға атсалысып, өз міндетін абыроймен атқарғанына алғысын жеткізді. Одан бөлек, Сағынтаев қалалық жедел штабта өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүргенде оққа ұшып, жарақат алған әкімдік қызметкерлеріне де жылы лебізін жеткізді.

Айта кету керек, зардап шеккен азаматтардың есімі олардың жеке қауіпсіздігі үшін аталмайды.

Еске салсақ, бұған дейін қала басшысы мегаполистің бұрынғы тіршілігін қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар барысын тексерген болатын. Қазіргі сәтте қаладағы ірі супермаркеттердің, дәріханалардың, базарлар мен жанар-жағармай бекеттерінің жұмысы іске қосылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950106-sagyntaev-almatydagy-tartipsizdikten-zardap-sekkenderge-bardy/

pixel